Accessibility links

АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі Еуропада күдікті лаңкестерді тұтқындап құпия абақтыларда ұстаған

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

Еуропа Парламенті шілденің 5-і күні бұл жөніндегі ақпаратты талқылады. Бірақ Еуропа одағына мүше елдер өз егемендік құқына байланысты барлау бойынша өзара ынтымақтастыққа бірден кірісе алмай отырған секілді. Дегенмен Еуропа парламентіне мүше депутаттар және ресмилер барлау орталығымен ондай ынтымақтастықтың қажет екендігіне көздері жете бастағандай.

Шілденің 5-інде Еуропарламент өкілдері АҚШ Орталық барлау агенттігінің Еуропа елдеріндегі терроршылармен жүргізген құпия шаралары жөніндегі баяндаманы талқылады. Еуропарламенттегі финляндиялық өкіл Паула Лехтонмаки, Барлау агенттігінің ондай құпия жұмысына байланысты азаматтық құқ мәселесінде заңсыздық орын алған кезде кешірімпаздыққа бармау керек деген пікір айтты. Бұл арадағы негізгі мәселе – Еуропадағы түбегейлі құқық мәселесі, сондай-ақ, терроршылыққа қарсы күрес мәселесі күн тәртібінде тұр.

- Ал оны жанжалсыз шешу керек. Лаңкестікке қарсы күрес кезінде барлық халықаралық қағидалар, ережелер бұзылмауы тиіс. Терроршылықпен күрес кезінде адам құқықтары, босқыншылық, ізгілік шаралары саудаға түспеуі қажет, - дейді Лехтомаки ханым.

АҚШ Орталық барлау агенттігінің күдікті лаңкестерге қарсы күрес жөніндегі тірліктері туралы ақпарат-баяндаманың авторы Италиялық социалист-парламентші Паула Фаваның айтуынша, ЕуроОдақ енді адам құқықтарының бұзылуы жөніндегі ақиқат-шындықтың анық қанығына жетуі тиіс.

Фаваның айтуынша, АҚШ Орталық барлау агенттігі Еуропалық күдікті делінген азаматтарды басқа елдерге жасырын апарып, құпия түрде тергеуге алған. Оның айтуынша, мұны АҚШ әкімшілігінің өзі мойындаған. Бірақ олар лаңкестердің азапталуын, Еуропа заңдарын бұзғандығын мойындамай отыр екен.

Италиян парламентшісі АҚШ Орталық барлау агенттігімен бірге қызметтес болған италиялық агенттің қолға түскендігін құптап отыр. Міне енді Пауло Фава Орталық барлау агенттігінің Еуропа елдерінде ұша жүріп жасаған тірліктерін бейсенбі күні ЕуроПарламентінің талқылауына ұсынды.

Фаваның айтуынша, күдікті делінген еуропалық азаматтарды алдын-ала тексерусіз Еуропаның қалаған еліне ұшақпан алып кете берген. Ондай ұшақ рейстерінің саны кемінде 1800-дей болған екен. Ал тұтқындағы ол азамат жөнінде ешқандай мәлімет берілмеген.

АҚШ Орталық барлау агенттігінің Еуропадағы тұтқындар орталықтары жөнінде бұл баяндамада егжей-тегжейлі түгел айтылмайды. Дегенмен, ЕуроПарламенттегі Фава бастаған арнайы комитет ондай дерек-мәліметтерді алдағы алты айда түбегейлі зерттемек.

Еуропарламенттегі барлық саяси топтар Фаваның ұсынған ақпаратын қолдағанымен, тек қана Еуропа халықтарының оңшыл қанат фракциясындағы консерваторлар, бұл АҚШ-қа қарсы жинақталған біржақты қаралау мәліметі дейтін көрінеді.

Дегенмен, Финляндиялық министр Лехтомаки осыны сезгендей, алдын ала, халықаралық заңдардың бұзылғанының өзінде ЕуроОдақтың өзге елдердің ішкі істеріне араласуға ресми негіз жоқ деген болатын.

- Талқыланып жатқан бұл ақпаратқа келсек, жалпы шарт бойынша ЕуроОдақ бұл мәселені талқылауға толық құқылы емес. Сондай-ақ, ЕуроОдақ ішкі ұлттық барлау қызметінің ісіне де араласа алмайды, - деді Лехтомаки.

Дегенмен, оның айтуынша, Финляндияның ЕуроОдақтағы президенттігі кезінде бұл мәселені АҚШ және өзге елдермен талқылауы маңызды тақырып болып қалмақ.
XS
SM
MD
LG