Accessibility links

Иран халықаралық қауымдастықтың ұсыныстарына әлі жауап бермеді


Иранның ядролық мәселелері бойынша бас өкілі Әли Ларижани Теһран оның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған мәселенің шешілуін қалайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Ларижани Брюссельде Еуроодақтың сыртқы саясат мәселесі бойынша басшысы Хавиер Соланамен кездесуі барысында айтты. Бірақ Ларижани Иранды уранды байыту бағдарламасынан бас тартқызуға ынталандыратын халықаралық қауымдастықтың ұсыныстарына жауап бермеді. Ал оның алдында атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агентігінің басшысы Мохамед Әл-Барадей былай деп мәлімдеген болатын:

“Иран халықаралық қауымдастықтың шыдамы таусылуы мүмкін екендігін түсінеді деп үміттенемін. Сол үшін олар ұсыныстарға байланысты тезірек жауабын қайтарса, барлық жақ үшін жақсы болар еді”.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG