Accessibility links

Лондондағы лаңкестік шабуылға 1 жыл толды


ЛОНДОН. Осыдан 1 жыл бұрын ұйымдастырылған лаңкестік шабуылдың 52 құрбанын еске алу рәсімінде бүгін Лондон метросының “Кингс Кросс” стансасына гүл шоқтары қойылды. Метро поезы мен автобуста болған 4 жарылыстың құрбандарын еске алуға жиналған жұрттың ішінде Лондонның мэрі Кен Ливингстон да болды. Бүгін, сондай-ақ, бүкіл Ұлы Британияда құрбандарды еске алу үшін 2 минуттық үнсіздік жарияланбақшы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG