Accessibility links

Украинадағы “қызғылт-сары” коалиция ыдырады


КИЕВ. Ю.Тимошенконың блогі” мен президент В.Ющенконы қолдайтын “Біздің Украина” партиясының лидерлері коалициялық келісімнен шығу мәселесін талқылау үстінде. Социалистік партияның лидері Олександр Мороздың Жоғарғы Рада төрағасы болып сайлануына байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Ендігі жерде Социалистік және коммунистік партия мен оппозициядағы “Аймақтар партиясы” парламенттегі жаңа көпшілікті жасақтауы мүмкін. Жоғарғы Раданың жұмысында 11-інші шілдеге дейін үзіліс жарияланды. Осы күнге қарай депутаттар жаңа блоктардың үлгілерін әзірлеп болуға тиіс. “Қызғылт-сары” коалицияның бұзылуына байланысты президент В.Ющенко мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG