Accessibility links

Бүгін Ирақта сүнниттердің кем дегенде 3 мешітіне шабуыл жасалды


БАҒДАД. АҚШ-тың әуе күштеріне сүйенген Ирақ әскері бүгін Бағдад қаласындағы шийттердің “ордасы” болып табылатын Садр-сити ауданына шабуыл жасап, 30-ға жуық сарбаздың көзін жойды немесе жаралады және қолға түсірді. АҚШ армиясының хабарлауынша, Садр-сити ауданына талай Ирақ азаматының қазасына жауапты көтерілісшілер көсемінің тосын шабуылдарының алдын орау үшін жасалды. Ал осы кезде сүннитердің Бағдадтағы және қаладан солтүстікке қараған беттегі кемінде 3 мешітіне жұма намазының ізінше бомбалық соққы берілді. Келіп түскен хабарларға қарағанда, осы шабуылдардың салдарынан кем дегенде 9 адам қаза болып, 8 кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG