Accessibility links

Украинаның либералдық партиялары коалициялық үкімет құра алмай тарасты


КИЕВ. Украина парламентіндегі оппозициялық “Аймақтар партиясы” Социалистік және Коммунистік партиялармен арада коалициялық үкімет құру туралы келісімге қол қойды. Оған сәйкес, “Аймақтар партиясының” лидері В.Янукович премьер-министр болуға тиіс. Оның қарсаңында ғана президент В.Ющенко либералдық партиялардың коалициялық үкімет құрмақ әрекеті сәтсіз аяқталғанын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG