Accessibility links

Израильдің шабуылынан 30-дан көп палестиналық, оның ішінде бейбіт тұрғындар мерт болды


ТАЯУ ШЫҒЫС. Израиль армиясы Газа аймағындағы ауқымды шабуылын кеңейте түсті. Соғыс тікұшақтарының қолдауына сүйенген 10 танк Газа қаласына тақап қалды. Бүгін таң сәріде Газаның іргесінде болған шайқаста 2 палестиналық оққа ұшты. Израиль армиясының Газа аймағындағы осымен екінші апта бойы жалғасқан соғыс қимылдары барысында 30-дан аса палестиналық, оның ішінде бейбіт тұрғындар және 1 Израиль жауынгері қаза тапты. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан екі жақты бұл жанжалды ушықтырмай ұстамдылық танытуға шақырды.
XS
SM
MD
LG