Accessibility links

Пәкістан президенті ислам құқына негізделген заңға алғашқы өзгерістер енгізді


ИСЛАМАБАД. Пәкістан президенті Первез Мушарраф ислам құқына негізделген заңға енгізілген түзетулерді бекітті. Бұл түзетулер ерінің көзіне шөп салған немесе ауыр емес өзге де қылмыс істеген әйелдердің ақшалай кепілдік төлеп бостандық алуына рұқсат береді. Бұл - құран мен ислам дәстүріне құрылған заңдардың жиынтығы – “ордонанс Хадудқа” қазіргі Пәкістан президентінің енгізген алғашқы түзетулері. Бұған дейін заңдылықтарды діннің тым үлкен ықпалынан ажыратып, реформаламақ болған әрекетке Пәкістан қоғамының консервативтік бөлігі табанды түрде қарсы болып келді.
XS
SM
MD
LG