Accessibility links

Израиль-Палестин жанжалы ұшығып тұр


Израиль бас министрі Ехуд Олмерт Палестиналық әріптесі Исмаил Ханияның соғыс жанжалын тоқтату жөніндегі ұсынысына көнбей отыр.

- Бас министр Хания екі жақтағы барлық әскери операцияларды тоқтатуға шақырып, Газа жолағындағы жанжалды, атап айтқанда тұтқындағы сарбазды құтқару керек, - дейді Хамас қозғалысынан өкіл.

Олмерт Хамас қозғалысынан осыдан екі апта бұрын кепілдік тұтқынға алып кетілген Израиль сарбазы қайтарылмағанша бейбітшілік келісімі болмайды делінген. Бір апта бұрын Израиль Газадағы әскери шабуылын бастағалы бері 50 шақты палестиналық және израильдық бір азамат қаза тапты. Ал бұл арада Газадағы бір үйде зымыран жарылып, 6 жасар қыз бала мен екі кісі қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG