Accessibility links

Бағдадта кемінде 35 адам опат болды


Қарулы шииттер Бағдадтың суниттер тұратын аймағында шабуылдар жасап, кемінде 35 адамды өлтірді. Ал кейбір хабарларға қарағанда, бұл оқиғаларда 40-қа жуық адам қаза тапқан көрінеді. Суннит депутатты кепілдікте ұстап отырған қарулы топтар түрмедегі 25 шииттің азат етілуін талап етуде. Ал суниттер блогы Тайзир әл-Машхадани босатылмайынша, парламент отырысына қатыспаймыз деп отыр. Ирандағы аймақтық конференцияға қатысушылар Ирақтағы лаңкестікпен күрес мәселесіне байланысты ынтымақтасуға шақырды. Бұл туралы бүгін Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттақи хабарлады. Оның айтуынша, Ирақ пен оның көршілес елдерінің ішкі істер министрліктері арасында тығызырақ ынтымақтастық орнатылмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG