Accessibility links

Ирақта тағы 5 АҚШ жауынгеріне “қыз зорлап өлтірді” деген айып тағылды


БАҒДАД. Кеше Бағдадта шийттердің мешіті маңында бомба орнатылған 2 автокөлік жарылып, кем дегенде 15 адам құрбан болып, 30-дан аса кісі жараланса, оның алдында шийт сарбаздары сүнниттердің Адхамия ауданындағы жолдарды бөгеп, 40-тан аса сүннитті қырып кетті. Оның қарсаңында ғана бұл ауданды АҚШ пен Ирақ әскерлері қоршап алған болатын. Сонымен қатар кеше АҚШ армиясының басшылығы өзінің тағы 5 жауынгеріне өткен наурыз айының 12-сінде Әл-Махмудия қаласында Ирақ қызын зорлап өлтіріп, оның отбасының тағы 3 мүшесін қырып кетті деген айып тағылғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG