Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігіндегі тәліптердің күш-қуаты күткендегіден артық


ВАШИНГТОН. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс Ауғанстан президенті Х.Қарзайдың үкіметіне қайта бой көтере бастаған тәліптердің көтерілісі қатер төндіріп тұр деп ойламайтынын мәлімдеді. Райс ханымның айтуынша, Ауғанстанның оңтүстігіндегі тәліптердің күш-қуаты күткендігіден “әлдеқайда” зор болуы да мүмкін, бірақ тәліптер өздеріне қарсы шайқасып жатқан коалициялық күштерге жеңіліп жатыр. Мемлекеттік хатшының пікірінше, бүгінгі Ауғанстан – АҚШ бастаған коалициялық күштер ауған халқын Талибан режимінің билігінен азат еткен кезден - тәуір.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG