Accessibility links

Кремль саяси оппозицияның өкілдерін қамауға алып, тіпті соққыға да жыға бастады


МӘСКЕУ. Кеше Ресей оппозициясы өкілдерінің бірі хабарлағандай, “Үлкен сегіздіктің” С.Петербордағы саммиті қарсаңында саяси оппозицияның осы аптада өтетін форумына келмек болған 20-ға жуық саясаткердің Мәскеуге келуіне бөгет жасалды. Оппозиция жетекшілерінің бірі әрі осы форумның ұйымдастырушысы болып табылатын, шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаровтың мәлімдеуінше, кейбір саясаткер тіпті қамауға алынып, соққыға да жығылған. Оппозицияның 2 күндік форумы бүгін ашылуға тиіс.
XS
SM
MD
LG