Accessibility links

Дж.Буш В.Путинге оның бар кемшілігін досы ретінде “жылатып” айтпақшы


ВАШИНГТОН. Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі Стивен Хэдлидің кеше мәлімдегеніндей, әлемнің жетекші 8 елі лидерлерінің 15-17-нші шілде күндері С.Петерборда өтетін саммиті барысында Ресей президенті В.Путинмен кездескенінде, АҚШ президенті Дж.Буш Ресейдегі демократиялық бостандықтарға шектеу қойылуы мәселесін “ашық, бірақ жеке өзінің алдында қоймақшы”. Оның айтуынша, сонымен қатар Дж.Буш пен В.Путин бейбіт мақсаттағы ядролық ынтымақтастық мәселесі бойынша Ресей мен АҚШ-тың жаңа келісімі жөніндегі келіссөзді бастау жоспарын талдауға тиіс.
XS
SM
MD
LG