Accessibility links

11 жыл бұрын Боснияда 8 мың мұсылманды, негізінен ерлер мен балаларды қырған


СРЕБРЕНИЦА. 1995-інші жылғы Босниядағы қырғынның 11 жылдығына байланысты бүгін Сребреница қаласындағы қырғынның 505 құрбанының сүйектерін жерлеу рәсімі өтеді. Осы рәсімге келетіндердің арасында әскери қылмыстар бойынша Халықаралық Гаага трибуналының Бас прокуроры Карла дель Понте ханым да болуға тиіс. Сербия күштері Сребреница қаласында шамамен 8 мың мұсылманды, негізінен, ер кісілер мен ер балаларды қырған болатын. Бұл – Еуропадағы 2-нші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең үлкен зұлымдық болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG