Accessibility links

Алдағы 100 жылдың ішінде Альпі тауы мұз қабатынан түгел айрылуы мүмкін


ЦЮРИХ. Цюрих университетіндегі ғалымдардың мәлімдеуінше, егер ғаламдық ауа райы жылынуын осылай жалғастыра беретін болса, онда Альпі тауының мұз қабаты келесі 100 жылдың ішінде толығымен еріп кетуі мүмкін. Мұндай қорытындыны компьютерлік зерттеу нәтижесі беріп отыр. Оған сәйкес, егер жазғы ауа райы қазіргіден 3 градусқа көтерілетін болса, Альпі тауы мұз қатпарының 80 пайызынан айрылады. Швейцарияның ауа райын болжайтын ғалымдары жазғы ауа райының 3 пайызға дейін көтерілуін “шындыққа жақын” деп есептеп отыр.
XS
SM
MD
LG