Accessibility links

Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері Иранның ядролық бағдарламасын талқылайды


Бүгін Иранның ядролық мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты бес мүшесінің сыртқы істер министрлері талқылайды. Британия, Қытай, Франция, Ресей және АҚШ елдерімен қоса Германия өкілі де Франция астанасы Парижде бас қосады. Аталмыш елдердің министрлеріне сейсенбі күні Иранның ядролық мәселесі бойынша келіссөз жүргізушісі Али Ларижанимен сөйлескен Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Хавьер Солана мәлімет береді.
XS
SM
MD
LG