Accessibility links

БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі “Иран мәселесін” келесі аптада қарауға кірісуі мүмкін


НЬЮ-ЙОРК. АҚШ-тың БҰҰ-ындағы елшісі Дж.Болтон Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Ираннан уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатуды талап ететін Қарардың жобасын келесі аптаның басында қарауға кіріседі ғой деп үміттенетінін айтты. Кеше Парижде бас қосқан Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі болып табылатын АҚШ, Қытай, Ресей, Ұлы Британия, Франция және Германия сыртқы істер министрлері Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беру керек деген шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG