Accessibility links

Израиль Газа аймағына шабуылын барған сайын кеңейтіп барады


ТАЯУ ШЫҒЫС. Израиль армиясының бүгін таң сәріде Газаға берген әуе соққысынан Палестинаның сыртқы істер министрлігі ғимаратына орасан зор нұқсан келді. Хабарға қарағанда, көрші ғимараттарға да зиян тигізген әуе соққысынан кем дегенде 3 адам жараланды. Израильдің қарулы күштері “Палестинаның сыртқы істер министрлігін “Хамас” тобының мүшесі басқарады” деп, әуеден соққы бергенін растады. Израильдің Газа аймағындағы кешегі шабуылдарынан кем дегенде 23 палестиндік, оның ішінде бірнеше нәресте құрбан болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG