Accessibility links

А.Меркель: “Иран соңғы ұсыныстарға келіспесе, онда “басқа қадамдарға” бару керек”


ШТРАЛЬЗУНД, ГЕРМАНИЯ. АҚШ президенті Дж.Буштың мәлімдеуінше, Иран өзін уран шикізатын байыту бағдарламасынан бас тартқызу үшін халықаралық қоғамның берген ұсыныстарын біржола жауапсыз қалдыра алмайды. Германияның Штральзунд қаласында неміс канцлері Ангела Меркельмен бірге өткізген баспасөз-маслихатында Дж.Буш әлемнің жетекші елдерін, бірлесіп, Ираннан ядролық бағдарламасынан бас тартуын талап етуге шақырды. А.Меркельдің айтуынша, егер Иран соңғы ұсыныстарға келіспесе, онда “басқа қадамдарға” бару керек болады.
XS
SM
MD
LG