Accessibility links

Солтүстік Корея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын жоққа шығарды


БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяның жақында жасаған зымыран сынақтарын айыптайтын қарарды мақұлдап, баллистикалық зымырандарға қатысты бағдарламасын тоқтатуды талап етті. Қауіпсіздік Кеңесіне мүше барлық 15 ел осы қарарды қолдап дауыс берді. Оған сәйкес, адамдарды жаппай қыратын қару-жарақ бағдарламасына пайдалануға мүмкін болған зымыран мен соған ұқсаған басқа да материалдарды Солтүстік Кореяға тасымалдауға және оларды Пхеньяннан сатып алуға шектеу қойылады. Ал БҰҰ-дағы Солтүстік Корея елшісі Пак Гил Йон аталған қарарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан мақұлданған бұл қарар Солтүстік Корея үкіметін шеттетуге және оған қысым көрсетуге бағытталған.
XS
SM
MD
LG