Accessibility links

Израйль әскері Бейрутты одан әрі бомбалауда


Түні бойы 60-тан астам ұшақтардан және артиллериялардан Ливан астанасы атқыланған болатын. Бүгін Израйль әуе күштері кем дегенде 21 адамды өлтірген. Оның 8-і Ливан солдаттары екен. Сондай-ақ осы түні 50-дей ливандық жараланған. Жексенбі күні болса, Израйль шабуылдарынан 36 ливандық қаза болған екен. Осының алдында ғана Хизбулла тобының Израйльдің Хайфа қаласына атқан зымыранынан 8 адам қаза болған еді. Алты күн ішінде кем дегенде 170 ливандық және 25 израйльдік қаза болған.
XS
SM
MD
LG