Accessibility links

Ирақтың Куфа қаласында бүгін 50 шақты адам қаза болған


Базарда болған бұл көлік жарылысы тұтас көшеге таралған екен. 100-ден аса адам жараланған. Басрада Британия күштерімен шайқас барысында кем дегенде 5 адам көз жұмған.

Өткен мамыр, маусым айларында Ирақта 6 мыңдай қарапайым азамат қаза болған. Бұл жөнінде БҰҰ-ның Ираққа көмек қызметінің арнайы баяндамасында айтылған. Ирақ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, 2003-ші жылдан бері кем дегенде 50 мыңдай адам қаза болып, 150 мыңдай азаматтар босып кеткен, делінген баяндамада.
XS
SM
MD
LG