Accessibility links

Әндіжан көтерілісінен кейін АҚШ-та саяси баспана алған 12 босқын өз еріктерімен еліне оралған


Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі, Әндіжан оқиғасынан кейін қашып кеткен 12 босқынның өз еріктерімен елге оралғанын айтып отыр. БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі комиссариаты арқылы Құрама Штаттардан босқын мәртебесін алған ол босқындар АҚШ-тағы Өзбекстан елшілігі арқылы елдеріне қайтқан. Өткен жылы Өзбекстандағы Әндіжан көтерілісінен кейін 400-ден аса адам босып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG