Бұл туралы Яқубовтың туыстары мен әріптестері хабарлады. Хұқық қорғаушының қызы Наргиза “Азаттық” радиосының өзбек қызметіне берген сұхбатында полиция қызметкерлері өз сұрақтарына жауап алу үшін әкемді шілденің 15-күні шақырған болатын, бірақ ол полиция бекетіне барудан бас тартқан еді, содан кейін оны ешкім көрмеді, деді.