Accessibility links

Кондолиза Райс Таяу шығыс мәселесімен Римге сапар шекпек


АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райстың айтуынша, ол Израиль-Ливан жанжалы бойынша келіссөздер жүргізу үшін Таяу Шығысқа маусымның 23-і, жексенбіде сапар шекпек.

К.Райс президент Бушпен бірге Вашингтонда Сауд Араб елі сыртқы істер министрімен келіссөздерін аяқтағаннан соң жолға шықпақ. АҚШ Мемлекеттік хатшысы шілденің 26-сында Римде Ливан және Араб елдері ресмилерімен кездеседі.

– Біз Израиль - Ливан жанжалын тез арада тоқтату жолдарын қарастырамыз. Тұрақты бейбітшілік орнату үшін ол жанжалды түпкі себептерін анықтауымыз керек, - дейді К. Райс.

Римдегі бас қосуға Франция, Ресей, Британия, Мысыр, Сауд араб елі, сондай-ақ ЕуроОдақ, БҰҰ және Әлем банкынан өкілдер келмек. Бәлкім, Израильдан да бірер ресми қатысуы мүмкін екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG