Accessibility links

Ливан екі Израиль тұтқынының денсаулығы жақсы деп хабарлады


Ливан сыртқы істер министрі Фаузи Саллуқ "Хизболла" тобы тұтқындаған екі Израиль сарбазының денсаулығы жақсы деп хабарлады. Осы екі сарбаз 12 шілдеде тұтқындалып, жанжал басталып кеткен еді. "Хизболла" Израиль түрмелерінде отырған араб тұтқындары босатылсын деп талап қояды. Ливан сыртқы істер министрі тұтқындарды айырбастау жөнінде келіссөз бастасақ жөн, бұған Біріккен Ұлттар Ұйымы не болмаса кез-келген үшінші тарап көмектессе жөн деді.
XS
SM
MD
LG