Accessibility links

Түркіменстан мен Иран президенттері Ашхабатта кездесті


Түркіменстан президенті Сапармұрат Ниязов дүйсенбі күні Ашхабатта Иран президенті Махмұд Ахмадинежадпен кездесті. Ниязов Иран мен Түркіменстан қарым-қатынастары Орталық Азияның қауіпсіздігіне “пайдалы” деп мәлімдеді. Иранның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, екі ел президенттері сейсенбі күні де кездеседі. Кейін Ахмадинежад Тәжікстанға аттанады деп хабарланып отыр. Ниязов пен Ахмадинежад Түркмен газын Иранға тасымалдау мәселесін талқылайды және Каспий Теңізінің мәртебесіне қатысты келіссөз жүгізеді деп жоспарланған болатын.
XS
SM
MD
LG