Accessibility links

Израил әскерлері Ливанның оңтүстігіндегі Хизболла тобы бекінген Бейт-Джбайл қаласын бақылауға алдық деп хабарлады


Бұл жөнінде қала біздің қолымызда деп әскери радио хабарлаған. Бейт Джбайл қаласы үшін қақтығыста екі израил солдаты қаза болып, 13 әскер жарақат алған. Таңертеңгісін Израилдың әскери әуе күштері Хизболла бекеттеріне жаңа шабуылдар жасаған, құрбан болғандар қатарында бейбіт тұрғындар да бар. Әскери қимылдар басталғаннан бері Ливанда 400-ге жуық адам қаза тапқан. Израил жағының шығыны 37 адам, оның 20-ы әскерилер.
XS
SM
MD
LG