Accessibility links

А.Закаевқа қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалды


Ресей Шешенстан сепаратистік үкіметінің Лондонда орналасқан сыртқы істер министрі Ахмед Закаевқа қатысты жаңа қылмыстық іс қозғады. Ресей бас прокуратурасының айтуынша, Закаев таяуда берген сұхбаттарында ұлт араздығын тудыратын сөздер айтты деп айыпталып отыр. Бұдан бұрын Закаевқа адамдарды өлтірді және ұрлады деген айыптар тағылған болатын. 2003-ші жылы Закаевқа Ұлыбританияда саяси баспана берілген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG