Accessibility links

Израйл шабуылынан Ливанда 600 бейбіт тұрғын құрбан болған


Ливанның денсаулық сақтау министрлігі Израйлдың Ливанға берген соққысынан 600-дей адам шығыны болғанын, оның 382-сі нақты мерт болғанын, ал қалғаны із түссіз жоғалғаны туралы хабарлады. Ол есепке Хизболланың қаза болған әскерлері кірмеген. 16 күндік қақтығыста Израйлдың 52 адамы оның ішінде 33-і әскери 19-ы бейбіт тұрғын құрбан болған. Израйл әскері бейсенбі күні әскерлердің қосымша үш бөлімін дайындағанын, бірақ, әскери операциялары шектеулі болатынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG