Accessibility links

АҚШ-ың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бүгін Таяу шығысқа қайта барады


Ол бұл сапарында Ливан мен Израил шекарасындағы 18 күннен бері жалғасқан әскери қимылдарды тоқтату мәселесін БҰҰ-ың қауіпсіздік кеңесінің шешуіне беру мерзімін талқылайтын болады. Бүгін кешке қарай Таяу шығысқа келген бетте Кондолиза Райс Израил премьер-министрі Ехуд Олмертпен және Ливан үкіметінің басшысы Фуад Синиорамен кездесуі тиіс. Синиора нақты бітімгершілікке шақырып отыр. Кондолиза Райс Ливанның Хезболла кабинеті мүшелерінің бітімгершілік жолдарын іздестіріп, оның ішінде Хезболла тобының қарусыздануын да қарастыратын келісімге келгенін құптап қарсы алды.
XS
SM
MD
LG