Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Асефи егер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Теһранға қарсы қарарды мақұлдаса Иран халықаралық қауымдастықтың ұсыныстарынан бас тартады деп ескертті. Дүйсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесі Иран тамыздың 31-не дейін уранды байыту бағдарламасын тоқтату керек делінген қарар жобасын талқылайды. Егер Теһран бұл талапты орындамаса онда оған қарсы халықаралық санкциялар енгізілуі мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?