Accessibility links

Өзбекстанда имамға қатысты сот ісі басталмақ


Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте имам Рухиддин Фахрутдиновқа қатысты сот ісі басталады деп күтілуде. Фахрутдиновқа бірқатар айыптаулар тағылған, олардың арасында “лаңкестікпен және діни әкстремизммен айналысты” деген айып та бар. 2004-ші жылы Ташкент және Бухара қалаларында орын алған жарылыстардан кейін Фахрутдинов Өзбекстаннан қашып кеткен болатын. Өзбек билігі ол жарылыстарға діни экстремисттердің қатысы бар деп айыптаған болатын. Өткен жылы Фахрутдинов Қазақстанда ұсталып, Өзбекстанға күшпен қайтарылған тұғын. Адам хұқтары бойынша “Хьюман Райтс Уотч” ұйымы Фахрутдиновтың соты әділ өтпеуі мүмкін деп алаңдап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG