Accessibility links

Ресейдің “Днепр” зымыран тасығышы құлаған аймақта тұратын қазақстандықтардың денсаулығы нашарлап, дәрігерге баруда


Ресейдің Роскосмос ғарыш агенттігі жақында Қазақстан аймағында құлаған, «Днепр» зымыран тасығышынан тараған улы заттардан зардап шеккен қоршаған ортаға өтемақы төлейтінін мәлімдеді. «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында, Ресейлік «Роскосмостың» өкілі Игорь Паранин Ресей Қазақстанға қатысты барлық міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады деген. Ресейдің зымыран тасығышы 27-шілдеде Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа көтеріліп, 73-ші секундында жерге құлаған болатын. Қазақ үкіметі ол апаттан ауаға улы зат - гептил тарап, қоршаған ортаны ластағанын айтса, соңғы хабарларда ол аймақтағы халықтың денсаулығы күрт төмендеп, дәрігерге шағымданушы тұрғындар саны артқан.
XS
SM
MD
LG