Accessibility links

Фидель Кастродан кейінгі Кубаның келешегі қандай болмақ?


Кубаны 47 жыл өзі басқарған президент 79 жасар Фидель Кастроның ішегіне операция жасалды. Денсаулығына байланысты ол билікті бауыры Рауль Кастроға тапсырды. Даулы жағдайда ол билік еткен аралдың халқы АҚШ-тың оңтүстік шығысынан 150 шақырымдай жерде жатқан Флорида штатының халқынан аз десе болады. Енді қазіргі таңда Фидель Кастродан кейінгі Куба аралы қандай болады деген сауал туындап отыр. «Азаттықтың» Уашингтондағы тілшісі Эндрю Тулли АҚШ департаментіндегі Американ аралық істер жөніндегі бюрода 1980-1990 жылдары қызмет еткен Стефан Джонсонға Кубаның келешегі туралы бірқатар сұрақ қойған еді.

Фидель Кастро бауыры Раульдың өзінің орнына келетінін ашық айтты. Рауль Кастро болса 1959 жылғы Куба көтерілісінен бері Фидель Кастроның орынбасары болған. Енді Куба үкіметінде Рауль билігі кезінде айтарлықтай өзгеріс болуы мүмкін бе деген сауалға АҚШ департаментіндегі Американ аралық істер жөніндегі бюрода 1980-1990 жылдары қызмет еткен Стефан Джонсон былай дейді:

- Рауль Кастро соңғы 50 жылда аралдағы Фидель Кастроның тоталитарлық жүйесінің ажырамас бір бөлігі болды. Сондықтан ол Фидель Кастроға бүгінгідей Куба мемлекетін құруға көмектесіп, қазіргі жағдайға бұрыннан өзінің үлесін қосып келген. Бір жағынан біздің жақсы білетініміз Рауль Кастро Қытайға барды және ондағы хабарларға қарағанда, капитализмнің кейбір ерекшеліктерін қытайлық тәжірбиеден алып, оны экономикаға және бүгінгі күнге сай етіп енгізудің оңай әрі жеңіл мүмкіндігін айтқан. Бұл мәселені ол оқтын-оқтын көтеріп жүрді, бірақ оның ол ұсынысын ағасы Фидель Кастро үнемі басып тастап отырған”.

- Егер Рауль Кастро Куба экономикасында өз жолын қалыптастыратын болса, ол тез арада болуы мүмкін бе?

- Рауль шектеулерді өзгерткісі келеді бірақ олар көп әрі тез бола алмайды. Әйтпесе, ол Куба үкіметіне бақылауды жоғалтар еді. Ол өзінің ыңғайлы жолымен жүреді. Ол, әлбетте, армия күштеріне қолбасшылық етеді, жалпы алғанда экономикаға ақша әкелетін елдегі ең үлкен кәсіпорындарға бақылауды қарулы күштер алып отыр. Осындай жағдайға байланысты Рауль Кастроның экономикадағы ықпалы күшті әрі полицияны да өз қоластында ұстайды. Сондықтан, оның кейбір өзгерістерге жол беріп және билікті де өз бақылауында ұстауы мүмкін”.

- Осыған байланысты адамдардың тағдыры Рауль Кастро жетекшілігінің бақылауында болуы мүмкін бе?

- Менің пікірімше, адамдардың ой талабы болашақта бұрынғыдай емес, басқаша ойлайтындарды күшпен өз дегеніне көндіретін, мысы мықты және қатал адамның айтқанынсыз-ақ етек жаятын болады. Ал, Раульде ондай харизма мысы жоқ. Ол өзінің сөзіне адамдарды ұйытып сендіре алмайды. Және осының өзі проблема болғалы тұр. Менің ойымша, адамдар Куба үкіметін қолдағысы келмей, аралда демократиялық өзгерістердің болуын қалаушылар көбейеді.

- Осыдан үш апта бұрын АҚШ-тың президенттік комиссиясы президент Джордж Буш әкімшілігін Куба демократиясын дамытуды қолдау үшін үкіметтік емес ұйымдарға 80 млн доллар ақшаны бөлуге көндірген еді. Енді Буш Фидель Кастродан кейін мұндай бастамасын шектеуі мүмкін бе?

- Бұл тұрғыда менің ойлайтыным, Құрама Штаттар оны жасауға дайындалуы мүмкін, біріншіден, бұл үкіметпен байланыс құру үшін, демек Куба мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты өзгерту үшін негізгі қадамдар жасалуы керек. Оның ішінде сауда-саттық байланыстарды жақсарту, дипломатиялық мойындаулар мен аралға көп туристердің ақшасын әкелетін американдықтар үшін жол жүру шектеулеріне өзгерістер енгізу жағдайлары бар. Мұндай мәселелер бұрын болмаған. Бұл жағдайда біз бір бағыт ұстанып, ағайынды Кастролар биліктен кетіп, Куба демократиялы мемлекет болып, еркін сауда базары болмайынша біз байланыстарымызды дұрыстамаймыз деп айтып келеміз. Жарайды, бұл кішкене көбірек талап және оның тез арада бола қоюы екіталай. Сол себепті көбірек лайықты қадам - ол менің пікірімше президент әкімшілігі бұл мәселеде бір шешімге келуі тиіс”.

- Рауль Кастро өзінің ағасынан аздаған жасқа ғана кіші. Бұдан кейінгі бес жылда оның да биліктен кету мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Раульдың соңынан кім келуі мүмкін?

- Онда аттары аталған бірнеше генерал бар. Бірақ, ондағы генералдар Раульдің билік бақылауына барады, дегенмен де олар хунта түріндегі ұжымдық әдіспен басқаруы мүмкін”.

Сөйтіп бұл сарапшы келешекте Кубада әскери үкімет болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
XS
SM
MD
LG