Accessibility links

Тәшкенде әйгілі өзбек әншісі, ақын, журналист Дадахон Хасанның үстінен сот отырысы жалғасып, бірер сағат өтпей жатып тағы да кейінге қалдырылды


Алпыс алты жастағы бұл зейнеткер азаматқа президент Каримовтың ар-намысына тиді, ел қауіпсіздігіне кесір болды еген айыптар тағылып отыр. Ал адам құқықтарының айтуынша, бұл сот ісіне негіз болып отырған нәрсе - Дадахон Хасанның өткен жылғы Әндіжан қырғыны жөніндегі әндері болып тұр екен. Дадахон Хасанның «Азаттық» радиосына айтуынша, сот отырысына жақтаушы қауымнан, Адам құқықтары ұйымынан, шетелдік дипломаттардан ешкімді кіргізбепті. Сондықтан адвокаттар өз наразылықтарын білдіріпті. Ал судьялар алдағы кезде оларды сотқа қатысуға рұхсат етеміз, депті.
XS
SM
MD
LG