Accessibility links

Куба билігі АҚШ-ың демократиялық реформаларға шақыруын қабыл алмады


Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Куба халқына қайрылып, елде демократиялық өзгерістердің жүзеге асуына ықпал етуге шақырған болатын. Оның алдында Куба билігі іш құрылысына операция жасалған 79 жасар Фидель Кастроның денсаулығы жақсарып келеді, ол жуық арада билік басына оралады деп айтқан-ды. Қазір Куба елін Фидель Кастроның інісі Рауль уақытша басқарып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG