Accessibility links

АҚШ-тың қосымша әскері сүнниттер мен шийттердің арасындағы жанжалды тыймақшы


БАҒДАД: Бүгін таң сәріде Бағдадтағы шийт милициясының қорғанында шайқас болды. Ауыр зеңбіректердің оғы мен жарылыстардың жаңғырығы көрші орналасқан Садр ауданының тұрғындарын шошытты. Ирақтың мемлекеттік теледидарының хабарлауынша, АҚШ ұшақтары осы облыстағы ғимараттарға соққы берді. Ал Ирақтың қорғаныс министрлігі шийттер мен сүнниттердің арасындағы қантөгісті ауыздықтау үшін АҚШ-тың қосымша әскері Мосул қаласынан Бағдадқа келіп жатқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG