Accessibility links

Күрд сепаратистері мен Түркия армиясының қақтығыстарында 37 мыңнан астам халық қырылды


АНКАРА: Түркиядағы “Анадолы” агенттігінің хабарлауынша, күрд партизандары кеше елдің солтүстік-шығысында әскери техникаға шабуыл жасап, 4 түрік жауынгерін оққа ұшырды. Шабуыл Қара теңіз жағалауындағы Гумушане өлкесіндек іске асырылды. Түркияның солтүстік-шығысында “Күрдтердің жұмысшы партиясына” жататын сепаратист жасақтарының мұндай шабуылдары сирек байқалады. 1984-інші жылдан бері қарай күрд сепаратистері мен Түркияның қауіпсіздік күштерінің өзара қақтығыстарында 37 мыңнан астам адам, басым көпшілігі күрдтер қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG