Accessibility links

АҚШ пен Ирақ әскерлерінің Садр-ситиге жорығы кемінде 3 тұрғынның қазасына себеп болды


БАҒДАД: Ирақ премьер-министр Нұри Әл-Mәлики АҚШ пен Ирақ әскерлерінің жексенбі күні Бағдадтың шетіндегі Садр-сити ауданындағы бірлесіп жүргізген тінту шарасын сынға алды. АҚШ армиясының мәлімдеуінше, бұл шара “өлім батальонына” қарсы бағытталды. Бірақ сейсенбі күні Әл-Мәлики мұндай шараға өзінің бұйрық бермегенін және оған еш “негіз жоқтығын” атап көрсетті. Бұл шара шийттердің әсіре діни көсемі Мұқтада Ас-Садрды қолдайтын қарулы топпен арадағы шайқасқа түрткі болды. Ас-Садрдың тобы - Әл-Мәликидің коалицияны кіреді. Соның салдарынан кем дегенде 3 бейбіт тұрғын құрбан болды.
XS
SM
MD
LG