Accessibility links

Ирақтың түрлі мекенінде кемінде 55 адам қаза болып, 122 адам жараланды


БАҒДАД: Өткен тәулікте Ирақта лаңкестік қастандық пен шабуылдардан кем дегенде 55 адам құрбан болды. Ең көп адам қазасы – 35 кісі - Ән-Наджаф қаласының базарында болды. Онда 122 адам жараланды. Бағдадтың мейрамханасында болған жарылыстан 6 кісі, ал түрлі атыста тағы 5 адам қаза болды. Баакуба қаласында тасадан атылған оқтан 5 полицей, ал Әл-Фалуджа қаласында 1 полицей көз жұмды. Елдің солтүстігіндегі елді-мекендерде болған қастандық пен шабуылдан 4 адам қаза тапты. БҰҰ Ираққа саяси және қайырымдылық көмек көрсетіп отырған миссиясының мандатын тағы 1 жылға ұзартты.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG