Accessibility links

Жолаушы ұшақтарын жармақ болған лаңкестер бомбаның бөлшектерін қол жүгімен алып өтпек болған


ЛОНДОН: Ұлы Британия үкіметі АҚШ-қа қатынайтын жолаушы ұшақтарын жармақ болған лаңкестік қастандықтың әшкереленгенін хабарлаған соң, 24 күдікті ұсталып, бүкіл дүние жүзінің әуе жайларында қауіпсідіктің төтенше шаралары қабылданды. Британ полициясы 24 күдіктіні тұтқындап, ресми өкілдер бұл қастандықты әшкерелеуге Пәкістан үкіметінің көмек бергенін мәлімдеді. Шенеунектердің хабарлауынша, қастандықты жоспарлағандар жарылғыш сұйық заттар мен бомбаның басқа да құрамдарын жолаушы ұшақтарына сусын ретінде және қол жүгі ретінде алып өтіп, бірнеше дүркін жарылысты жанкешті-лаңкестер іске асыруға тиіс болған көрінеді.
XS
SM
MD
LG