Accessibility links

Ислам елдерінің ұсынысын Ресей мен Қытай қолдап отыр


ЖЕНЕВА: Бүгін БҰҰ-ының адам құқықтары бойынша Кеңесі Израильдің Ливанды жөн-жосықсыз бомбалауы мен бейбіт халыққа қырғын салуына қарсы мұсылман елдерінің ұсынысын өзінің арнайы сессиясында талдауға тиіс. Хабарға қарағанда, ислам елдері ұсынған құжаттың жобасында “Хизболлаһ” ұйымының партизандары жөнінде ештеңе айтылмаған көрінеді. Құрамына 47 ел кіретін Кеңестің Женева қаласында төтенше сессиясын өткізуді талап еткен Тунис, Пәкістан және Индонезия сынды ислам елдерін Ресей мен Қытай қолдап шықты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG