Accessibility links

Грузияның мемлекеттік баспасөз құралын беймәлім тұлғалар сатып алды


ТБИЛИСИ: Грузияның мемлекеттік ақпарат агенттігі беймәлім адамдардың тобына сатылды. Грузияның экономикалық даму министрлігі хабарлағандай, “Сакинформи” агенттігі 5,05 млн. АҚШ долларына сатылған. Агенттіктің бастапқы бағасы 5 млн. доллар болған. Министрлік агенттікті сатып алған адамдардың аты-жөндерін атаудан бас тартып, олардың Грузия азаматтары екенін ғана хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG