Accessibility links

Каспий теңізінің қоршаған ортасын қорғайтын алғашқы құжат дүниеге келді


Бүгін 12-ші тамыздан бастап, Каспийдің қоршаған ортасын қорғау жөніндегі конвенция күшіне енді. Бұл конвенцияға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан елдері 2003 жылы қол қойған. Ол құжат бес мемлекеттің бірлесіп, Каспий теңізінің бекіре балығы сияқты байлығын сақтап, өнеркәсіптік ластанудан қорғап, аймақтың қоршаған ортасындағы дағдарысты жағдайды шешуге міндеттейді. Мамандардың айтуынша, Каспий теңізінің балығын шектен тыс аулап, мұнай өндіру мен барлау жұмыстарын белсенді түрде жүргізуінен, Каспий теңізі деградацияға ұшырап барады.
XS
SM
MD
LG