Accessibility links

Израиль мен “Хизбаллаһ” екеуі де жеңіске жеттік дейді


БҰҰ-ның бітім жөніндегі келісімі бойынша атыс тоқтаған соң Израиль мен “Хизбаллаһ” екеуі де жеңіске жеткенін айтып отыр. Израиль сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Израиль Хизбаллаһтың израильдіктерге атқылау мүмкіндігін жойды деп хабарлады. Ал “Хизбаллаһ” өз кезегінде Ливанда жеңіске жеткендігі жөніндегі үндеу қағаздарын таратып, 34 күнге жалғасқан шайқас барысында төзімділік көрсеткені үшін Ливан азаматтарына алғыс айтты.
XS
SM
MD
LG