Accessibility links

“Әл-Қаида” лидерлерінің паналаған жерінен қару-жарақ тәркіленді


КАБУЛ: Ауғанстандағы АҚШ әскері басшылығының хабарлауынша, бүгін коалициялық күштер мен ауған әскері елдің оңтүстігіндегі Хост өлкесінде “Әл-Қаида” жетекшілері паналады деген 2 нысанаға шабуыл жасады. АҚШ әскерилерінің мәлімдегендей, оның нәтижесінде қару-жарақ пен жарылғыштар тәркіленіп, “Әл-Қаида” лидерлерінің көмекшілері болды-ау деген 8 адам қолға түсті. Сейсенбі күні Хост өлкесінде “Әл-Қаидамен” байланысы бар деген кем дегенде тағы 12 кісі тұтқындалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG