Accessibility links

Мәскеудегі францұз елшілігінің бірнеше қызметкеріне “пара алды” деген күдік түсті


ПАРИЖ: Бүгін Францияның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, Мәскеудегі францұз консульдігінің виза беру кезіндегі алааяқтық әрекеті әшкереленген 3 қызметкері қызметтен қуылып, қалған 4-еуі лауазымдарынан өз ықтиярларымен кеткен. Кейбір өтінішті қарау барысында кеткен ақаулықтан түскен қаражат “заңсыз қолды болған”, деп хабарлайды францұз министрлігі. Францұз елшілігіндегі ақпарат көзін сілтеген Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, консульдіктің бірнеше қызметкеріне виза беруді жеделдету үшін пара алды деген күдік түскен.
XS
SM
MD
LG