Accessibility links

КХДР-сында қанша православие христианы барлығы белгісіз, бірақ шіркеу ашылды


ПХЕНЬЯН: Бүгін коммунистік партия үстемдік ететін Солтүстік Кореяда орыстардың бірінші православиелік шіркеуі ашылды. Осы елдің ресми ақпарат агенттігі хабарлағандай, Пхеньян қаласындағы шіркеудің ашылуына Смоленск және Калининград партиарахы бастаған делегация келіп қатысты. Солтүстік Кореяда қанша православие христианы тұратыны белгісіз. Кореяның солтүстік және оңтүстікке бөлінбей тұрған 1900-інші жылдары орыс миссионерлері бірнеше мың кәрісті православие дініне қабылдап үлгерді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG